Қамқоршылық кеңес отырысы » Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)47416
Есепші бөлімі:
+7(707)7061939
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2019

Қамқоршылық кеңес отырысы

«Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ» КММ
Қамқоршылық кеңесі отырысының
№ 3 хаттамасы

15.03. 2019 жыл
Қатысқандар: 11 қамқоршылық кеңесінің мүшелері,мектеп директоры А.Д.Қалыбаева,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Туғанбаева
Қатыспағаны : жоқ



Күн тәртібінде:
1.Мектеп директоры А.Д.Қалыбаеваның қамқоршылық кеңестің ІІІ тоқсанына жүргізген жұмысының есебі.
2. «Наурыз мерекесінің» ұйымдастырылуы туралы
Тыңдалды:
Мектеп директоры А.Д.Қалыбаева өз сөзінде: Оқу жылының ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстарға тоқталды
Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді.
Әлеуметтік топтағы білім алушылардың мектепке алаңсыз тартылуына байланысты;
Мектепте оқушылардың қозғалысына байланысты Қамқоршылық мүшелері, сынып жетекшілер анықтаған көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушыларды ЖБББ қорынан тегін тамақ ішетін оқушы 80 оқушы тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мектепті безендіру құралдары жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында;
1.Мектеп дәлізіне жиһаздық материялдардан жасалған стенд-11.
Барлығы 400 мың теңге.
Демеушілер :
Е.Әмірбеков – 250 тг( жиһаздық мат.)
Ж.Әмірбеков – 150 (көрнекілік жабдықтары)
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 126 оқушы ата-аналар демеушілігімен Алматы қаласындағы «Аграрлық университетіне , «Медеу» мұз айдынына ,мұражайларға,театрға,киноға барып келді.
Сөйледі:
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Омарова Айман өз сөзінде:
Ата–ана ретінде мектепке жиі келіп тұрамын. Шыныменен мұғалімдердің еңбектері зор. Білім бере жүріп,әр оқушыға, мектепке көмекте көрсетіп жатады. Мектеп ескі, мейлінше қолдан келетін көмек беруге кеңес мүшелері қолдан келгенінше дайынбыз.
«Наурыз мерекесін» жылдағыдай өткізейік. Оқушылар өздері ерекше дайындалады. Ол мерекеге сынып жетекшілер жас ерекшеліктеріне байланысты өз мерекелік шараларын дайындайды.
Бірақ ата-аналар тарапынан ұсыныс бар. Мерекелік шараны ата-аналарда салт –дәстүр көріністерімен оқушылармен біріге концерттік бағдарламамен өтсе деген ұсыныстары бар.
Тыңдалды.
Кадиров Жекен Мейрамбаевич қамқоршылық кеңесінің жұмысы оқушыларымыз үшін,білім алушыларымыз үшін,үлкен шаңырақ мектебіміз үшін,мектебіміздің көптеген мәселелерін шешуге үлкен қолдау көрсетеді деген ойдамын.


Шешімі:
1.Мектептің ІІІ тоқсанында атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
2.Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын;
3. «Наурыз мерекесі» жылдағыдай ата-аналар, сынып жетекшілер,мектеп тарапынан атсалыса өткізілсін.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: А.И. Омарова

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: Ж.Жақсылыкова

Похожие публикации:

01 май 2017 ҰБТ туралы
27 апрель 2017 Мектеп тарихы