мектепішілік іс-шаралар » Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)47416
Есепші бөлімі:
+7(707)7061939
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектепішілік іс-шаралар
02
май
2017

мектепішілік іс-шаралар

мектепішілік іс-шаралар

 


       «Жас Ұлан – шығар биікке» деген ұранмен үшінші тоқсандыда бастады. 

      Үшінші тоқсан мектепішілік «Жас Ұлан» үшін өте танымды бастамамен басталды. Оның дәлелі тоқсан басында «Бала би» атты оқушылар арасында шешендік сайыс өтті оған 9,10 сыныптарынан 3 баладан қатысты. 10 «Б» сынып оқушыларынан құралған шешен балалар «Бала би» атанып, аудандық «Бала би»  шешендік сайысына жолдама алды. Аудандық «Бала би» шешендік өнер сайысында оқушыларымыз бірінші орынды иеленді.

       Қаңтар айының екінші жартысында «Асқар таудың ақиық Мұзбалағы» атты мектепішілік Мұқағали оқуларына поэзия сүйгіш оқушыларымыз көптеп үміт білдірді,  жарыс болған жерде әділдік ететін төрешілер ең мықты деген оқушыларды анықтап алып, оларды аудандық Мұқағали оқуларына жіберді. Ақпан айының  9 күні өткен Аудандық оқуда Дәулет Мақпал 10 «А» сынып оқушысы ІІ орын алса  Бекберген Жансая 11 «Б» сынып оқушысы ІІІ орын алып мектепті бір қуантты.

         Ақпан айының бірінші аптасында «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан атты қазақ тілі мұғалімдері мен оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті оған екі топ болып бөлініп түрлі ойлар мен пікірлер айтылды. Нәтижесінде «Болашақ» командасы жеңіске жетіп, марапатталды.

        Ж.Жабаев туған күніне орай мектепте «Тоғызқұмалақтан» мектеп ішілік жарыс өтті. Мектепте көптеген дарынды балар барын қағы бір мәрте анықтағандай болдық.

Науырыз айының бірінші аптасында «ЖасҰлан» қатарындағы оқушылардың ұйымдастыруымен 8 –наурыз «Халықаралық Аналар мерекесін» ұйымдастырды. Бұнда оқушылар таңертең мұғалімдерді мектеп алдынан күтіп, құтықтап, мектепішілік  іс-шараға шақырды.

     Наурыз мерекесіне «Жас Қыран» тобыда қалыс қалмады өздерінің өнерін көрсетіп көпшілікті тәнті етті. «Наурыз келді халайық» атты мерекелік іс – шара өткізді.

       Аудандық «Екі жұлдыз» ән байқауына мектептен педагог – ұйымдастырушы Сарсенбаев Нұрлан мен 6 «А» сынып оқушысы Избасар Бекзатпен  «Илигай» әнін орындап, ІІ орынды иеленді.

     9, 10 сыныптар арасында «Көктеп ауруы -2017» атты мерекелік іс-шара өтті.  ІІ орынды  9 «В» сынып оқушысы Молдапайева  Динара иеленсе

І оынды 9 «Б» Серікбаева Дамира иеленді ал «Бас жүлдені» 10 «Б» сынып оқушысы Қалиева Зулхумар еиеленіп, аудандық «Көктем аруына» жолдама алды.

 

     22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне мектепте үлкен іс-шара өтті оған «Жас Ұлан» және «Жас Қыран»  оқушылары атсалысып, қатысты.

 

 

 

Похожие публикации:

01 май 2017 ҰБТ туралы
27 апрель 2017 Мектеп тарихы