Мектеп тарихы » Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)47416
Есепші бөлімі:
+7(707)7061939
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2017

Мектеп тарихы

 

 

 

    Алматы облысы, Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылындағы іргелі білім беру мекемелерінің біріне саналатын Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығының іргетасы 1922 жылы қаланған. Ол кезде бұл білім ошағы «Церковно-приходская школа» деп аталып, тек орыс тілінде ғана білім берген көрінеді. Кейіннен 1928 жылы ол қазақ мектебі ретінде қайта құрылды. Осы 1928 жыл аталған мектептің құрылған жылы болып есептеледі. 1936 жылы мектепке Н.К.Крупскаяның есімі берілді. Біраз жылдар мектеп шәкірттері кезінде Советская, Н.Крупская деп аталған көшелерде орналасқан үлкенді-кішілі үйлерде оқыды. Ал 1970 жылы уақыттың өскелең талабына орай және бала санының күрт өсуіне байланысты жаңа мектеп ғимаратын салу ісі қолға алынды. Осы жылы мектеп қазіргі Сүйінбай көшесінде орналасқан, екі қабатты, арнайы оқу бөлмелерімен жабдықталған жаңа ғимаратқа көшті.

   1993 жылы 21 қарашада аудан әкімдігінің № 6-202 шешімімен мектепке көрнекті қоғам қайраткері, ұлтымыздың ардақты ұлы Тұрар Рысқұловтың аты берілді. Ал 2017  жылдың 28 шілдеден  бастап бұл білім мекемесінің атауы Жамбыл ауданы әкімінің № 306 қаулысына сәйкес «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп және МЖИ»КММ болып өзгертілді

 Алғаш құрылған күнінен бастап, осы кезеңге дейін бұл білім ордасының аяғынан тік тұрып, қанатын кеңге жаюына ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген Боранқұлов Қойшығұл, Жазылбеков Рахметулла, Әбсеметов Құдыс, Әнесов Көшкінбай, Қасымов Есенгелді, Шөпбаев Мәтқасым, Райымжанов Халықбай, Нұрахметов Даутжан, Махметов Сейдін, Даутов Рахым сынды мектеп басшылары үлкен үлес қосты. 1987 жылдан  мектепті Әмір Күлкен Жаубасарқызы басқарды.

 Кәзіргі уақытта мектепте Калыбаева Ақмарал Данияровна баскарып келеді.Бұл күнде мектеп алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінің біріне айналған.

 Мектеп  2005 жылдың қараша айынан бастап қолданысқа берілді.Мектеп 600 орынға арналған, типтік мектеп. Кабинеттер саны - 64. Мектепте сабақ екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, екі ауысымда оқиды. Мектептің  жалпы алаңы 5823,7 ш.м.түрі –типтік. Мектеп ауласы көгалдандырылған. Мәжіліс залы – 1, орындық саны – 104, сахна талапқа сай безендірілген, спорт зал – 1. Оған қажетті спорттық жабдықтар мен мүліктер бар.Кабинеттер саны-62. Оның ішінде: физика, химия, биология кабинеттерінде интерактивті тақта лабораториясымен жабдықталған.Мультимедиялық кабинеті-1. Компьютер кабинеті-3. Кабинет 15 орынға арналып жабдықталған. Компьютер саны – 30. Технология – 4: 2- қыздар  2 -ұлдар ( ағаш шеберханасы -1, темір ұста шеберханасы -1). Интерактивті тақта-2 (тарих, ағылшын тілі кабинеттері). Дәрігерлік кабинет – 2. (егу бөлмесімен).  Тіс емдеу кабинеттерімен жабдықталған. Мектепте оқушыларға медициналық көмек көрсетіліп, екпе жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Жыл сайын оқушылар профилактикалық тексеруден өтеді. «Тубвираж» есебінде тұрған оқушылардың дәрілерін уақытылы ішуін медбике қатаң қадағалайды. Білім  мен тәрбие сапасын арттыруда оқушылар мен мұғалімдерге толық мүмкіндік жасалған.

 Мектепте үлкен асхана жұмыс істейді. Мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар асханадан бір мезгіл тегін тамақтандырылады.

 55 оқушыны бір мезгіл тегін тамақтандырады.Мектептегі 1-8 сынып оқушылары арасында ата-аналардың көмегімен ыстық тамақ ұйымдастырылды. Ас мәзірі аудандық СЭС басшысының бұйрығымен бекітілген нормамен жасалады. Асхананың жұмысын, оқушылардың дұрыс тамақтануын қадағалау мақсатында брокераждық комиссия құрылды.

 

 


 


 

Похожие публикации:

01 май 2017 ҰБТ туралы