"Ұлт ұстазы" » Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі
Коммунальное государственное учреждение
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72770)47416
Бухгалтерия
+7(707)7061939
Версия для
слабовидящих
05
сентябрь
2023

"Ұлт ұстазы"

5 қыркүйек "Қазақстан Халқы Тілдері" күні биылғы жылы қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда Т. Рысқұлов орта мектебінің тіл мамандары "Ұлт ұстазы" тақырыбында тіл апталығын өткізуді жоспарлап, түрлі іс шараларды бастап кетті. 5 қыркүйек күні апталықтың ашылуы ретінде "Тілдер жәрмеңкесі" өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқушылар мен мұғалімдер арасында түрлі ойындар ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірді. Орыс тілі пән бірлестігінің жетекшісі Айдарбекова Гаухар "Язык мой - друг мой" атты сыныптан тыс сабақ өткізді. Қазақ тілі пән мұғалімдері "Ахаңның айшықты ойлары" тақырыбында 5-11 сыныптар аралығында мектепішілік диктант алды. Алдағы күндері тағы біршама іс-шаралар өткізу жоспарда тұр.