18
сентябрь
2023
“ Тәрбие— Тал бесіктен”
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 9-11 сынып ұлдары арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында “ Тәрбие— Тал бесіктен” тақырыбы бойынша ұлдар жиналысы өтті . Жиналыста Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бекболатов Н. тарих пәні мұғалімі Адырбеков А. алгебра пән мұғалімі Сүлейбек Қ. ұлдарға мектеп ережесі, әр түрлі жағдайдағы қауыпсіздік шаралары , жасөспірімдер арасындағы әр-түрлі құқықбұзушылықтар мен олардан сақ болу, болдырмау, жаман қылықтардан аулақ болу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді . Мектеп бойынша ұлдармен жұмыс жүргізетін педагог-ұйымдастырушы Б. Жамбылов әр сыныптан ұлдарға жауапты оқушыларды тандап, жоспар бойынша жауаптыларға тапсырмалар беріп, күнделікті мектептегі ұлдардың тәртібіне көңіл бөлуді тапсырды.