Біздің жаңалықтар » Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)47416
Есепші бөлімі:
+7(707)7061939
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2023

Біздің жаңалықтар

Алматы облысы  Жамбыл ауданы Тұрар Рысқұлов  атындағы орта мектебі «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы мектеп

Аталған оқу ошағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында жабдықталды. Нақтырақ айтқанда, Назарбаев зияткерлік мектебінің стандартына сәйкес, 37 оқу кабинеті мен шеберхана, сондай-ақ STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жаңартылды. Бұл жұмысқа жалпы сомасы 250 млн. теңгеге жуық ақша жұмсалды.

Мектептегі Ашық есік күніне «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев қатысып, елімізде тірек мектептердің маңыздылығы жайлы айтты. 


«Жабдықтаудан бөлек, зияткерлік мектептердің мамандары мұндағы мұғалімдерге біліктілікті арттыру бойынша сабақ өтеді. Нәтижесінде балалардың да білімі артады. Еліміздің оқу саласындағы басты мақсат – ауыл мектептерінің білім сапасын қаладағы оқу орындарымен бір деңгейде ету. Сондықтан қолға алынып жатқан бұл шаралардың маңызы зор. Ал тірек мектептер өз атында тұрғандай, жан-жағындағы оқу ошақтарымен тәжірибе алмасады. Бұл да саланың дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры робототехника кабинеттерін жабдықтайтынын айта кеткім келеді», – деді Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, қоғамдық қор 17 ауылдық тірек мектептерін құруды жоспарлап отыр. Жобаның бюджеті 4 млрд 250 млн теңге. Қазіргі таңда Қор 16 тірек ауыл мектебінің мұғалімдерін оқыту курстары мен тағылымдамадан өткізді.


Сонымен қатар шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев биыл өңірде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 3,1 млрд. теңге бөлінгенін айты.


«Білім саласының дамуы – қоғам дамуының басты көрсеткіші және мемлекет ретінде дамуымыздың басты алғышарты болып отыр. Облыстың 2023 жылғы білім саласына бекітілген бюджеті 307,4 млрд.теңгені құрайды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 3,1 млрд. теңге бөлінді», – деді Марат Сұлтанғазиев. Биылғы жылдың жоспарында 16 мектепті қолданысқа беру тұрғанын айтқан облыс әкімі «Қазақстан халқына» қорының мамандарына алғысын білдірді. 

Айта кетейік, Ұзынағаштағы тірек мектепте 2083 оқушы үш ауысымда білім алады. Іргесі 1974 жылы қаланған.






Похожие публикации: