Ұлттық құндылық » Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)47416
Есепші бөлімі:
+7(707)7061939
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2024

Ұлттық құндылық


18 наурыз -ұлттық киім күніне орай Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп жанындағы интернатында Ұлттық киім көрсетілімі ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы күні  оқушылар мен мұғалімдер үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық  бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артып,  өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырды. @elmira.mak